18
январь
2025
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұсынған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында “Заң мен тәртіп” тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Іс -шараға Шымкент қаласы Әл-Фараби ПБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция майоры Демина Инна Станиславовна және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің мүшесі С.А.Мажинбеков қатысты. Іс- шара барысында өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту бойынша тәрбиелік пікір алмасу жүргізілді.




