02
сентябрь
2023
Тәрбиенің құндылықтары
Ұлттық құндылықтарға негізделген: Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Титов атындағы # 20 мектеп-гимназиясының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конырбаева Нуржамалдың бастамасымен “ Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары” тақырыбында сынып жетекшілеріне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелктері бойынша сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында тәрбие құндылықтарының моделімен таныстырылды. Сонымен қатар тәрбие құндылықтарын сынып сағаттарында жүзеге асыруды үйретті. Өскелең ұрпаққа ар-ұят, намыс, адалдық, отаншылдық, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, еңбексүйгіш, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін қасиеттері берік қалыптасқан мықты азаматты тәрбиелеуіміз қажет екенін айтты.
