Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
» » "Құқық бұзушылықтың және кибербуллингтің алдын-алу "
20
май
2022

"Құқық бұзушылықтың және кибербуллингтің алдын-алу "

                  Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Титов атындағы  №20 мектеп- гимназиясында 2022 жылдың 16 мамыр күні 8-11 сынып оқушыларымен мектеп директоры Дәрмен Дана  Жүсіпқызы  және           Әл-Фараби ауданының полиция майоры  Нарымбетов Нурлан мырзамен «Құқық бұзушылықтың және кибербуллингтің алдын-алу » тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде  полиция майоры Нурлан                          Нарымбетов қазіргі таңда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білім саласынан жан-жақты болғаны дұрыстығын атап өтті.  Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстырып, жасөспірімдердің  құқықтары мен міндеттерін айтып өтті. Қоғамның заңдары  мен нормаларын  орындауға және оны құрметтеуге шақырды.
              Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкіндігін айтты. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайтындығы және  осындай жағдайда әр жасөспірім өз ата-анасына немесе ұстаздарына хабар беру керектігін айтты.



Похожие публикации:

23 декабрь 2021 Отчет директора
26 октябрь 2018 ОБЪЯВЛЕНИЕ