08
февраль
2024
Мен және заң
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында 9 ақпан күні «Мен және Заң» тақырыбында «Бала өкілдігі» жоспарына сәйкес 7 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында бала өкілдігінің президенті Малышкин Леонид баяндамасында оқушылар өз міндеттерін білмегендіктен заңбұзушылықтар орын алып жатқынын сөзге тиек етті, сонымен қатар мектеп инспекторы И.С.Демина оқушыларға мектеп ережесін ұстамау, бұзақылық пен заңбұзушылық орын алған жағдайдада құқықтық және әкімшілік жаза туралы толық мәлімет беріп өтті. Кездесу мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

