18
ноябрь
2023
Школьный парламент
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы балалар ұйымы президенттерін, атап айтқанда «Мектеп Парламенті» президенті, «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасы, «Адал ұрпақ» клубы президенті және фракция мүшелерін ұлықтау рәсімі өткізілді. Сайлауға түскен үміткерлерге қошемет көрсетіп, мектебіміздің ең батыл оқушыларына марапат көрсетілді. Олар өз көзқарастарын білдіруге, өз пікірлерін білдіруге және өздерін көрсетуге батылы жетті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, оқушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту мақсатында өткен сайлаудың нәтижесінде «Мектеп парламенті» Өзін-өзі басқару ұйымына 9 «А» сынып оқушысы Жуманова Дарья мектеп президенті болып сайланды.
Өзін-өзі басқару ұйымының құрамы 8 фракциядан тұратын құрылымы төмендегі құрамда құрылып, жетекшілер бекітілді
• Құқық және тәртіп фракциясы 11 «В» сынып оқушысы Мейрбекова Аделина
• Ақпарат фракциясы 11 «Г» сынып оқушысы Екатерина Рыбникова
• Мәдениет және өнер фракциясы 10 «Д» сынып оқушысы Карина Розметова
• Бақыт фракциясы 9 «Б» сынып оқушысы Айсу Олжабек
• Дебат қозғалысының фракциясы 9 «Г» сынып оқушысы Юнусова Камила
• Қамқорлық фракциясы 9 «А» сынып оқушысы Гусейнова Диана
• Салауат және спорт фракциясы 10 «В» сынып оқушысы Больгер Мелина
• Экология және еңбек фракциясы 10 «В» сынып оқушысы Вербицкая Ева
•Президент орынбасары - 9 «Г» сынып оқушысы Асетуллаева Гулим
• «Бала өкілдігі» президенті – 9 «А» сынып оқушысы Малышкин Леонид
• «Адал ұрпақ» ұйымының басшысы 9 «В» сынып оқушысы Немтинова Мариям
• Жасұлан ұйымының «Ұлан басшысы» болып 9 «А» сынып оқушысы Тажибаева Камилла тағайындалды
Мектеп директоры Дәрмен Дана Жүсіпқызы жаңа президент пен фракция мүшелерін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдап, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғары сеніміне алғысын білдірді.Іс-шараға қатысушы бар оқушылар мен ұстаздар қауымы мектептің жаңа президентін құрметпен қарсы алып, өз ықыластарын білдірді.

