Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
» » Күй аспаптары. Күй және күйші
04
октябрь
2024

Күй аспаптары. Күй және күйші

11-А сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті сабағында «Күй аспаптары. Күй және күйші» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Тақырып аясында оқушылар көптеген мағлұматтар мен ақпараттар алды. Мектеп кітапханашысы Артыкова Н.М. білім көзі – кітапта екендігін атады. Сонымен қатар өз сөзінде М.О. Әуезовтің күйге қатысты айтылған пікірін оқыды. «Әнге әуес, күйге құмар баланың жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді». Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйде біз көбінесе әділетті аңсаған қарапайым халықтың мұң-зарын, бостандықты армандаған халықтың арманын байқаймыз.
Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұрасының бірі. Күй – музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, жетіген, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Атақты күйшілер: Ақан сері Қорамсаұлы, Мұхит Мералыұлы, Кенен Әзірбаев, Дина Нұрпейісова.
Сабақ соңы оқушылар қазақ күйлерін тыңдай отырып, «Күй құдіреті»    тақырыбы бойынша эссе жазумен ұласты.