Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
24
январь
2023

Мектеп семинары

                24-қаңтар күні Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
               Семинарда мұғалімдер ашық сабақ өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынымен бөлісті. Сейтханова Б.Т. Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150  жылдығына орай  9-сынып оқушыларымен «А.Байтұрсынов – адамзаттың ұлы ұстазы»  атты ашық сабақ өткізді. Мектеп кітапханашысы Нұржамал апай сабаққа қонақ болып келіп, кітапханамызда Ахмет Байтұрсыновтың қандай шығармаларымен танысуға болатындығын айтып кетті. 
                  Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жылдығына орай Мирзаева К.Э. және Сахова А.Б. 7-сыныпта "Мен жастарға сенемін" атты ашық сабақ өткізді. Мирзаева К.Э. оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оларды топқа бөліп, кластер толтыртып, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырды. Сахова А.Б. дәл осы тақырыпты заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушылардың белсенділігін арттырды. Тапсырмаларды QR код арқылы жеке смартфондарына алған оқушылар оларды қызыға орындады. Сахова А.Б. сабақтың әр кезеңінде интерактивті құралдарды қалай қолдануға болатындығын көрсету мақсатында PADLET.COM, LEARNING.APPS, JOYTEKA, JAMBOARD, GOOGLE FORMS сайттарында жасалған түрлі тапсырмалар берді.
Омарова А.М. 4-сыныпта «Көктемдегі өзгерістер»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты қызықты тапсырмалар беріп, эстетикалық талғамға сай көрнекті құралдарды қолданды. 
                 Семинарға қатысқан ұжым мүшелері сабақ өткен мұғалімдерге алғыстарын білдіріп, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген бұл семинардың маңызы зор екендігін 
айтты.



Похожие публикации: