30
декабрь
2023
Балалардың қылмысы үшін ата-ана жауап бермеуі тиіс
Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын – дебат. Мектеп-гимназияның «Өнер алды – қызыл тіл» дебат ұйымында 9 сынып оқушылары арасында кезекті дебат ойыны болып өтті. Оқушылардың жеке пікірін қалыптастыру, ойын ашық айтуға, көзқарасын анық жеткізуге, ұстанымын қорғай білуге үйрете отырып жеке тұлға қалыптастыруды мақсат еткен дебат барысында оқушылар «Балалардың қылмысы үшін ата-ана жауап бермеуі тиіс » деген тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салды. Ойын барысында оқушылар пікір таластырып, өз ойларын анық жеткізіп, жақсы ойын көрсетті. Жеңімпаздар анықталып, «Үздік спикерлер» дараланды.




