08
сентябрь
2021
Ана тілім-айбыным"
7 -қыркүйек күні тілдер апталығының аясында №20 мектеп-гимназиясының 2-4 бастауыш сыныптар арасында "Ана тілім-айбыным" тақырыбында тәрбиелік іс-шара болып өтті. Мерекелік шараның мақсаты оқушыларға қазақ тілінің қадір-қасиетің ұғындыру және оқушының дүниетанымын, ой - өрісін дамыту. Сонымен қатар тіл тазалығын сақтап, мәдениетті сөйлеуге, шешендік өнерге баулу да аталған шараның негізгі мақсаттарының бірі.
Мерекелік шара барысында алдымен еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, Қазақстан Республикасының рәміздері және тіліміздің қадір -қасиеті мен маңыздылығы туралы ақпараттар берілді. Әрі қарай іс-шарада мақал -мәтел сайысы ұйымдастырылып, оқушылар өздері жатқа білетін сөз маржандарын тізбектеп шықты. Сайыс тартысты әрі өте қызықты өтті. Оқушылар өте белсенді қатысып, білімі мен дарынын ортаға салды. Іс-шара соңында “Атамекен" әні шырқалды.



