27
январь
2023
Қазақ тілі апталығы
Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылының 23.01-27.01 күндері аралығында "Әдебиеті бар ел ғана дербес ел бола алады" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті. Апталық жоспарына сәйкес мектебіміздің 11 сынып оқушылары арасында "Абай жолы" роман-эпопеясындағы кейіпкерлер бейнесі" атты тақырыпта таныстырылымдар жасап, көпшілік назарына ұсынды.
Романның басты кейіпкері - ұлы Абай Құнанбайұлының ұстаздық, ақындық, сазгерлік, әкелік, адал дос бейнесі әр қырынан ашылды. Абай бейнесіне таныстырылымды 11-А сынып оқушысы Курбаналиев Жасур жасап, ұлы ақынның сегіз қырлы, бір сырлы екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Ал Абайды Абай еткен аяулы ана - Ұлжан бейнесін 11-В сынып оқушылары Конищева Дарья және Конченко Вероника да өз таныстырылымдарында керемет көрсете білді.
Сұлу да акылды Әйгерім бейнесіне 11-В сынып оқушысы Мельникова Аяна таныстырылым жасады. Абайдың айнымас махаббаты, сүйікті жары, балаларының анасы, әнші Әйгерім бейнесі де өз ерекшелігімен оқушыларға ұнады.
Жауапты мұғалім : Таймурзаева Ж.К.

