23
октябрь
2023
Мың жүйрік
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған 5-12 жастағы этнос өкілдерінің балалары арасында өткен қазақ тілін ілгерілетуге арналған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасы өз мәресіне жетті. Республикамыздың әр өңірінің оқушыларын қамтыған бұл іс-шараның мақсаты - қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасуына ықпал ету; Қазақстандағы этнос өкілдері балаларының қазақ тілін білуге деген құлшынысын арттыру; балаларды қазақ тіліндегі ертегілермен таныс болуға, адамзат өркениетінде жарқын із қалдырған тұлғаларды танып-білуге, оларды жастайынан кәсіп таңдауға және өзі туып-өскен өлкесін таныстыруға баулу. Шымкент қаласы Титов атындағы № 20 мектеп-гимназияның оқушылары Жалыбин Глеб және Шакуров Фариз «Мың жүйрік» жобасының үздіктері атанып, ұйымдастырушылар тарапынан Диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Ал жетекшілері – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Аманова Б.А. және Жакыпова А.Р. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Алғыс хатымен марапатталды.


