Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
12
март
2023

"Абайтану" олимпиадасы

           «Абай - дана, Абай –дара қазақта!»
Республикалық "Мұрагер" ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен  қашықтықтан өткізілген   №514 бұйрыққа сай «Абайтану» олимпадасына мектебіміздің   9-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Әртүрлі номинация бойынша бақ сынаған оқушылардың арасынан үздік шыққандары ұйымдастырушы тарапынан І ,ІІ,ІІІ орын дипломымен , ал жетекшілері –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Исмаилова В.П және Бадирова К.Н. алғыс хатпен марапатталды.
 Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыруды мақсат еткен  республикалық «Абайтану» олимпиадасының негізгі міндеттері  - Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қазіргі педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау үшін қатысушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық, кәсіби әлеуетін арттыру.

Похожие публикации:

10 март 2023 Құттықтаймыз
24 январь 2023 Мектеп семинары