Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
» » Тәуелсіздік туы берік қолда
17
март
2022

Тәуелсіздік туы берік қолда

        Титов атындағы №20 мектеп – гимназиясының оқу-тәрбие жұмысының негізі ретінде оқушылардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында, мектептің жұмыс жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік туы берік қолда!» атты іс – шара ұйымдастырылды. 
Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың адамгершілік- патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. 
17 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің Аманова Б. А.,  Танкеева Г. Е., Сүлеймен  А. С, А.М.Омарованың  ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік туы берік қолда!" атты бастауыш сынып оқушыларының арасында  патриоттық тақырыпқа салынған суреттер көрмесі өткізілді.
Аталмыш іс-шараға  оқушылар өте  белсене қатысты. Тақырыпқа байланысты балалар сурет салуда  өздерінің қызығушылығымен, бар ынтасымен қатысты. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі бейнесін ерекше сүйіспеншілікпен бейнелеген суреттерін ұсынды. Оқушылардың салған әрбір суреттері ерекше. Әр суреттің өзінің берер мағынасы бар.  Оқушылар тәуелсіздікке арналған суреттерін ерекше махаббатпен салған.  Сол салған суреттеріне  қарап, оқушылардың патриоттық сезімдері жоғары, Отанына деген көзқарастары ерекше екендігі байқалады.
Осы аталған суреттер көрмесі балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерінің шексіз екенін көрсетіп отыр. 
Оқушылар сурерттерінің арасынан   ең үздік сурет таңдалып алынды. Жеңімпаз оқушылардың есімдері аталып, мақтау қағазымен марапатталды.







Похожие публикации:

08 сентябрь 2021 Ана тілім-айбыным"