Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
» » Язык - основа Независимости
13
сентябрь
2021

Язык - основа Независимости

Тіл- Тәуелсіздік тірегі. Тілдер мерекесі 6 -қыркүйек күні  Қазақстан  халықтарының Тілдер күні  аясында №20 мектеп-гимназияның 9 сыныптары  арасында "Ұлттың ұлы ұстазы"  тақырыбында  викторина  болып өтті. Мерекелік шараның мақсаты: оқушылардың ұлттың ұлы ұстазы атанып кеткен, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы  білімдерін нығайту, ұлы ұстазының халқы, елі  үшін  жанын аянбай, қызмет еткенінен үлгі алу, мақтан ету. Ұлы қазақ ақыны Сәкен Сейфуллин «Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл» деп баға берген. «Ыбырай Алтынсаринның соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді» деген  Рабиға Сыздықованың тағы да сөзі бар.
       Осыған орай, ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін саралау мақсатында алдымен «Ахмет Байтұрсынұлы» презентациясын мұқият тамашалап, сұрақтарға жауап беретінін ескерттік. 
       Әрі қарай іс-шарада викторина ұйымдастырылып, «Кім жылдам?» әдісі бойынша сұрақтар қойылып,  бірінші болып, нақты әрі дұрыс жауап берген оқушыларға ұпай беріліп отырды. Сайыс тартысты әрі өте қызықты өтті. Оқушылар өте белсенді  қатысып, білімін  ортаға салды.  9 «Г» сынып оқушылары коллаж жасады.





Похожие публикации:

08 сентябрь 2021 Ана тілім-айбыным"
26 октябрь 2018 ОБЪЯВЛЕНИЕ