19
декабрь
2022
Біріңғай Жас Ұлан
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ЖАС ҰЛАН" БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Біріңғай Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
Жас ұлан ұйымының ұйымдастыруымен жаңа мүшелерді ұйымға қабылдау жиынында оқушыларға ұйым атрибуттарын табыстау рәсімі мектеп әкімшілігі, ұстаздары және Мектеп Парламенті мүшелері мен олимпиада жеңімпаздарына табысталды.
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткізілген іс-шарада егеменді еліміз, жеріміз туралы жыр—шумақтары айтылды, патриоттық әндер шырқалды. Оқушылар керемет көңіл күймен тарқады.






