Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
16
март
2022

Қош келдің, әз Наурыз

       Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N20 Титов атындағы гимназия мектебінде 16.03.2022 ж. күні "Қош келдің, әз Наурыз" тақырыбында наурыз мейрамы тойланды.
       Мерекелік іс-шарада қазақтың салт-дәстүрі"Бастаңғы"көрінісі қойылып  ұлттық ойындары көрсетіле отырып,насихатталды. Ән айтылып, би биленді. 
        Самарқанның көк тасын ерітетін, күн мен түннің теңелетін, табиғат ананың түрленетін мерекесіне жиналғандардың көңіл-күйі жадыраңқы, күн сәулесіндей нұрлы болды.   Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен мектеп ұжымын құттықтай отырып, жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелуін,
еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын дей отырып, барша ұйымдастырған ұстаздарға, оқушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз.
          Ұлттық мейрамымыз, халықтың дәстүрлі мерекесі әз-Наурызды білім ордамыз шаттықты-шалқыған көңілде тойлады. Ұлттықтың ұлылығын ұлықтайтын Наурыз – табиғаттың, бүкіл әлемнің мерекесі.







Похожие публикации:

23 февраль 2022 Единство и мир
26 октябрь 2018 ОБЪЯВЛЕНИЕ