24
ноябрь
2021
"Вперед, жамбылские песни!"
Ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік йлығының лауреаты Жабаев Жамбыл Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған. Елімізде Жамбыл ақынның 175 жылдығына арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған осы дүбірлі мерекеде ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ОРТАЛЫҒЫ «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық оқушылар байқауын ұйымдастырды. Рухани шараның басты мақсаты - сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау.
Байқау шарттарына сәйкес , мектебіміздің оқушылары «Ленинградтық өренім!» ақынның өлеңін қазақ тілінде мәнерлеп, жатқа айту(видео жолдау); «Жырлансын, Жамбыл жырлары!» ақынның жырларын орындау; «Әлем ақыны» Жамбыл туралы эссе жазу; «Жамбыл портреті» ақынның портретін салу сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз — есімі қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы!


