Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
» » 'ЖАС ҰЛАН САНЫ ТАҒЫ ДА ЕСЕЛЕНДІ''
12
май
2022

'ЖАС ҰЛАН САНЫ ТАҒЫ ДА ЕСЕЛЕНДІ''

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы  №20 мектеп-гимназиясында  Ұлы Жеңіс  күні мерекесі қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны болды.
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін ояту, оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Мектебіміздің озат, үздік, үлгілі 106 оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына  қабылданды. Жасұландықтарға галстуктерін мектеп әкімшілігі мен озат оқушылары үлгі ретінде табыс етті.