23
май
2022
Тіл шебері – 2022
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың қызметкерлері арасында «Тіл шебері – 2022» байқауы болып өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты: үш тілді жетік меңгерген қызметшіні анықтау, қолдау, тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілге деген құрметін, тіл білудің маңыздылығын арттыру болса, міндеті: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.
«Тіл шебері -2022» байқауында өз білімін додаға салып, бақ сынаған мектебіміздің мұғалімі Сахова Ажар Байдосқызы байқау шарттарына сәйкес әр кезеңнен оза шауып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңіс құтты болсын!

