14
май
2022
«Әкеме хат»
«Әкеме хат» тақырыбындағы мектеп оқушылары арасындағы мектепішілік эсселер байқауы
2021-2022 оқу жылының мамыр айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хатына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы әзірлеп, бекіткен «Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт» Республикалық жобасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласы №20 Титов атындағы мектеп- гимназияда «Әкеме хат» тақырыбында мектеп оқушылары арасындағы мектепішілік эсселер байқауы болып өтті. Аталмыш байқаудың мақсаты – отбасындағы әкенің орнын, рөлін көрсете отырып, әкені үлгі тұтуға, ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз, әрі ыстық байланысты орнықтыру.
Байқауға 6-10 сынып оқушылары белсене қатысты. Жекелеген оқушылар Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан аталарына хат жазған. Эссе жазу барысында оқушылар отбасылық құндылықтарға тоқталып, әкенің отбасындағы орны туралы той толғаған. Ата-ана, әке туралы мақал- мәтелдерді орынды қолданып, тақырыпты аша білген.
Байқау нәтижесі бойынша , 6-7 сынып оқушылары арасында:
1-орын – Дніқұл Аяулым 6 –Б сыныбы
2-орын – Аманғали Айсапар 6- Б сыныбы
3-орын – Петрова Кристина 7-А сыныбы
8-10 сынып оқушылары арасында:
1-орын – Қайрақбаев Нұрислам 10 –В сыныбы
2-орын – Вербицкая Ева 8- В сыныбы
3-орын – Елемесова Жанель 10-В сыныбы


