Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Титов атындағы #20 мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі басқару кеңесі», «Адал ұрпақ», «Бала өкілдігі», «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің кезекті отырысы өткізілді. Кездесу барысында ұйымдардың жұмыс жоспары бойынша атап айтқанда Қазақтан халықтарының бірлігі күні, Жас Қырандарды қабылдау рәсімі, Отан қорғаушылар күні қарсаңында 6-7 сынып оқушылары арасында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі,Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерекелік іс-шарасын өткізу талқыланды.