23
ноябрь
2024
Жас ұлан
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы № 20 мектеп-гимназиясы Мектеп парламенті “Өзін-өзі басқару” ұйымының фракция мүшелері “Бала өкілдігі” “Адал ұрпақ” клубы, “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшілерінің қатысуымен кезекті отырысы өткізілді.
Жиналыс барысында оқушыларды қараша айының жоспары және атқаратын қызметтерімен таныстырып, әр ұйымның мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.Оқушылар өздерінің міндеттерін талқылап, алдағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоспарларымен бөлісті. Әр ұйым мүшесі өз ұсыныстарын айтып, мектеп өміріне қатысты шараларды қалай тиімді өткізуге болатынын талқыланды.

