Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
18
март
2025

18 НАУРЫЗ-ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

18 наурыз - Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылған " Ұлттық киім- ұлтымыздың бейнесі" атты іс шараға Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы  ұстаздары, оқушылары белсене қатысты. 
 Ұлттық киім кию күні – біздің халқымыздың мәдениетін, тарихын және дәстүрін дәріптейтін ерекше шара. Бұл күнде әрбір оқушы өзіне тән ұлттық киімдерін киіп, халқымыздың бай мәдени мұрасын құрметтейді. Ұлттық киім – біздің ұлттық болмысымыздың айқын бейнесі, оның сәні мен ерекшелігі ғасырлар бойы сақталып келеді. Әрбір ою-өрнек, түстер мен таңбалар халқымыздың өмірінен, салт-дәстүрлерінен сыр шертеді.
 Ұлттық киім кию күні – жас ұрпақты өз мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілікті оятуға, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге көмектеседі. Бұл күннің мақсаты – өз тарихымызды, тіліміз бен өнерімізді ұмытпай, келер ұрпаққа жеткізу. Шара барысында оқушылар бір-біріне өз киімдерінің ерекшеліктері туралы айтып, халқымыздың тарихымен танысады.
 Ұлттық киімдеріміздің мән-мағынасына терең үңіліп, оларды құрметтеу арқылы біз өз мәдениетімізді сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ете аламыз.

Похожие публикации:

24 январь 2023 Мектеп семинары
26 октябрь 2018 ОБЪЯВЛЕНИЕ