20
февраль
2023
Жануарларды жаным сүйеді
Шымкент қаласы білім басқармасының
«ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫМЕН БОЛҒАН «РИЗАШЫЛЫҚ- МЕЙІРІМДІЛІК БҰЛАҒЫ» жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында алғыс айту күніне арналған оқушылар арасында қалалық фестивальға Титов атындағы №20 мектеп -гимназиясының инклюзивті білім алатын оқушылар қатысты.
Бастауыш сынып 1«З» сынып оқушысы 7 жастағы Чередниченко Роман «Қысқы шырша сұлулығы», 1«З» сынып Исабекова Изабелла « Менің бақытты отбасым» атты өз колымен жасаған қол өнер бұйымдарын ұсынды . Белоусова Валерия 2«Ж» сынып оқушысы «Жануарларды жаным сүйеді» атты пластикалық материалдан жасаған өз жұмысын жаратылыстану пәнінемен байланыстырып көрмеге арнайы дайындап жіберді. Қазіргі таңда фестивальдің қалалық кезеңіне белсене қатысқандары үшін АЛҒЫС ХАТ пен марапатталды. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау айрықша маңызды. Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстарға барынша күш салып, балаларға қолайлы жағдай жасау бағытында мектебімізде тиісті қадамдар жасалып келеді. Себебі білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек.
