Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында 8 наурыз Халықаралық қыздар, әйелдер күніне арналған «Ананың аялы алақаны» тақырыбында мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.Ұстаз аналар мен аруларға арнап, оқушыларымыз ән айтып, би билеп керемет көңіл күй сыйлады. Мереке құтты болсын құрметті аналармен, аяулы ұстаздар!