04
октябрь
2022
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі, әрі бүкілхалықтық мереке. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухани бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұлы адамдардың да ұстазы болған, сондықтан болар, осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан.
Аяулы ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!
Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушыларының ұйымдамтыруымен мектеп ұжымына арналған мерекелік іс-шара өз дәрежесінде өтті.



