14
март
2022
Женский экспресс
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының Өзін –өзі басқару және Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне «Женский экспресс» атты ерекше мерекелік кеш өткізілді. Мектеп оқушыларының қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламада ер балалар хоры, жұптық би,жеке ән, сахналық қойылым және аяулы ұстаздарға арналған түрлі ойын- сауықтар ұйымдастырылды
Кештің мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау.
Мерекелік кеште мектеп гимназия директоры Дәрмен Дана Жүсіпқызы мектеп ұстаздарын 8-наурыз мерекесімен құттықтап өз жылы лебізін білдірді.
Кеш барсында білім саласында өзіндік орны бар білікті ұстаздарымызға мараптаулар табысталды.





