Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
14
октябрь
2024

Тіл – тәуелсіздік тұғыры

Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту  министрлігінің  «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылы жоспарына сәйкес  өзге ұлт өкілдерінің  5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты республикалық қашықтық олимпиадасын  ағымдағы  жылдың  3-4 қазан күндері   www.games.daryn.kz  платформасында өткізді. Олимпиадаға қатысқан мектеп-гимназияның  5-10 сынып оқушылары  қазақ тілі пәнінен лексика-грамматикалық сұрақтарға жауап беріп, оқу сауаттылығы  бойынша мәтіндермен жұмыс жасады. Олимпиада қорытындысы бойынша мектептің 25 оқушысы  жүлделі 1,2,3 орындарға ие болып, «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен марапатталды.




Похожие публикации: