08
январь
2024
ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ
Республикамыздың дарынды оқушыларының арасында байланыс орнату , Тәуелсіздік қадірлі де қастерлі ұғым екенін дәріптеу және оқушылардың ғылыми әлеуетін күшейту, инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерді анықтау мақсатында Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары арасында республикалық «ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ» атты байқау болып өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен, Астана қаласы Білім басқармасының №519 бұйрығы негізінде «Жаңа Қазақстан» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен аталмыш байқауға мектеп-гимназия оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Байқау қатысушыларына «ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ» төсбелгісі, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ жеңімпаз оқушылардың жетекшілеріне Алғыс хат берілді.




