08
апрель
2023
Тәрбие отбасында басталады
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп– гимназиясында тәрбие жұмысының іс-жоспары бойынша «Тәрбие бастауы отбасында» тақырыбында 1-11 сынып арасында сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты: отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету, Отбасы– адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын уақыты, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны екенін ұғындыру.


