24
ноябрь
2022
“Дармарка - заттарға екінші өмір сыйла” акциясы өтті
“ӨЗГЕГЕ БАҚЫТ СЫЙЛАУ - БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!”
23 қараша күні Мектеп парламенті мен “Жас ұлан” ұйымының ұйымдастыруымен кезекті дәстүрге айналған “Дармарка - заттарға екінші өмір сыйла” акциясы өтті.
Дармарка сөзі – орыстың“дар”, “благодарить” және “ярмарка” сөздерінің қосындысынан шыққан. Демек дармарка – әр адамның өзіне қажет емес затын апарып, оған екінші өмір сыйлайтын алаң. Мұндай шараға кез келген адам затын қойып кете алады және өзіне ұнаған нәрсені алуына мүмкіндігі бар.
Акция мақсаты: ескі заттарды қоқысқа тастамай, қажеттілікке жарату, үнемшілдікке тәрбиелеу
Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары қатысып, дармаркаға қойылған заттарды оқушылар кеңселік заттарға алмастыру арқылы қажетті құрал-жабдықтарды жинады. Аталған іс-шара «Қайырымдылық жаса» акциясымен жалғасады.



