Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
» » Оқушылардың ғылыми жобалары
06
апрель
2023

Оқушылардың ғылыми жобалары

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ (ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША)
2023 жылғы 05 сәуір күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі онлайн форматта Google Meet платформасында өткізілді.
Шымкент қаласынан жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 46 оқушы білім беру ұйымдарында барлық санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, өздерінің жобаларын қорғады. 
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қорытынды кезеңге қатысқан білім беру ұйымдары: Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясы, "Білім-инновация" ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты, "Білім - инновация" қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі, №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы, №78 жалпы орта білім беретін мектебі, №75 мектеп-гимназиясы, Н.Д.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы, №28 жалпы орта білім беретін мектебі, Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы, №46 мектеп-лицейі, №54 жалпы орта білім беретін мектебі, З.Космодемьянская атындағы № 23 мектеп-лицейі, "Al-Farabi academialyq mektebi" ЖШС, №137 жалпы орта білім беретін мектебі, №130 жалпы орта білім беретін мектебі, "Техникалық лицей" жеке мекемесі, №88 жалпы орта білім беретін мектебі.
Қатысқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз және де жеңістер тілейміз!!!

Похожие публикации:

24 январь 2023 Мектеп семинары
26 октябрь 2018 ОБЪЯВЛЕНИЕ