05
апрель
2022
"Менің Ғылымға алғашқы қадамдарым"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының Өзін-өзі басқару ұйымы ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының (РҚББОӘО) 2022 жылғы 4 сәуір-4 мамыр аралығында Мектеп парламент мүшелерінің арасында Ғылым күніне арналған "Менің Ғылымға алғашқы қадамдарым" атты челленджіне белсене қатысты. Ұйым мүшелері өз жобаларын ұсынып, қызықты тақырыптар бойынша ізденістерін көрсетті.