10
февраль
2023
Ауғанның отты жалыны
"Ауғанның отты жалыны" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 10 - ақпан күні кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай және жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында "Ауғанның отты жалыны" тақырып аясында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері Меңдіқұлов Сүндет Үсенбайұлы және Абдрасылов Кайрат Кырыкбаевич «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері Одағы» төрағасының орынбасары қонаққа келді.Кездесу барысында өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларды қалай орындағандары және ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін ұйып тыңдады .
Ал 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күні осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Аталмыш іс - шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысып, ардагерлерге өздерінің ойларында толғандырған сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Бұл кездесуден әсіресе оқушылар ешқашан ұмытпастай тамаша әсер алды.




