27
апрель
2022
Никто не забыт, ничто не забыто!
Екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарын есте сақтау үшін саябақта Мәңгілік алау жанып тұр. «Мәңгілік алау» – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында тоқтаусыз лаулап тұратын от. Қасиеті мен қасіреті қатар өрілген Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында, етігіне қан толып, толарсағымен саз кешкен жылдары оқ дауылының ішінде аттан салған жауынгерлер мен шейіт болған талай боздақтарды еске алу, құрметтеу мақсатында «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым» тақырыбында мектебіміздің оқушылары «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Даңқ мемориалына экскурсия жасап қайтты.












