26
февраль
2021
«Жамбыл және қазіргі заман»
Қазақ поэзиясының алыбы, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты № 20 мектеп- гимназиясында «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде 8 сынып оқушылары арасында «Жамбыл және қазіргі заман» тақырыбында шағын әңгіме жазу онлайн –байқауы өтті. Шығармаларында оқушылар ұлы жыраудың туындылары жастарды Отанды сүюге,патриотизмге, әділдікке,адамгершілікке, жауапкершілікке шақыратынын, қазіргі таңда да зор тәрбіелік мәнін жоғалтпағаны туралы жазды. Сонымен, Жамбыл Жабаевтың шығармалары ақынның шығармашылығында қарастырылған демократия, гуманизм, қарапайым адамдардың құқықтарын қорғау және халықтар достығы идеялары сияқты біздің заманымызда өзекті болып табылады. Қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов Жамбыл жырауды «ақындардың ақыны айдын көлдей ақылы» деген сөздеріне толықтай қосыламын! Жамбыл - жыршылық өнердің де асқан шебері, өшпес өнегес
Осы байқаудың жеңімпаздары: 1-орын - Баядил Нурай 8-Д сыныбы,
2-орын – Бахтиярова Фарангиз 8-А сыныбы, Салбек Зере 8-В сыныбы,
3-орын - Корнилова Дарья, Шамуэлова Мария 8-В сыныбы
Іс-шараны өткізген мұғалім: Исмаилова Венера Пулатовна



