28
май
2022
ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ
26.05.-17.06.2022 жыл аралығында 1-8,10 сыныптардағы білім алушылар үшін ата-аналардың өтініші негізінде Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында жазғы мектеп басталды. Әдістемелік бірлестік отырысында оқу пәндерінің тізімін нақтылап, орта және қысқа мерзімді жоспар құрып, пән мұғалімдері шәкірттерінің оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын ескере отырып, күнтізбелік- тақырыптық жоспар (КТЖ) құрды. Соған сәйкес арнайы сабақ кестесі жасалды. Пән мұғалімдерінің сабақ жүргізу әдістеріне шектеу қойылмайды. Сондықтан, біздің пән мұғалімдеріміз сабақтың әдіс-тәсілдерін жан-жақты қызықты етіп, тиімді қолдануда. Жазғы мектеп – бұл баланың көңіл-күйін, олардың ғылымға деген, пәнге деген қызығушылығын оятуға әрекеттелген арнайы сәт.










