23
февраль
2022
Единство и мир
Шымкент қаласы білім басқармасының Мәдени-бұқаралық және спорттық іс- шараларының кестедегі жоспары бойынша Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының аралас көпэтносты оқушылар қатысуымен «Бірлік пен татулық – ұлы дала ұстанымы» атты концерттік бағдарлама 10-11 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды.
Мектебіміз қаламызда көпұлтты оқушыларды біліммен қамтып отырған беделді мектептің бірі болғандықтан тақырыптық іс-шаралар кеңінен өткізіледі. Концертте оқушылар өз тілінде ән шырқап, би билеумен қатар ұлттық салт дәстүрлерін сахналап, қойылым дайындады. Өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп өткізілген іс-шара жоғары дәрежеде өтіп, оқушылар мен көрермендерге жақсы көңіл- күй сыйлады. Балалардың ұлттық достастығын нығайту мақсатында өткізілген концерттік бағдарлама оқушылар арасында ұлттық сыйластықты арта түсті деген ойдамыз.



