13
март
2025
Құттықтаймыз!
«Ақбота» зияткерлік республикалық олимпиадасына №20 Титов атындағы гимназия мектебінің оқушылары қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті және Қазақстан,дүниежүзі тарихы пәндері бойынша білімдерін сынап, жоғары нәтижелер көрсетті. Оқушылар сұрақтарға дәл әрі ұтымды жауап беріп,белсене қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Олардың қажырлы еңбегі мен тынымсыз дайындығының нәтижесінде оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Бұл жетістік – мектеп ұжымы мен оқушылардың бірлескен еңбегінің жемісі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды тілейміз!






