Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
16
январь
2025

Біз буллингке қарсымыз

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы  «Жас Ұлан»  ұйымының жоспарына сәйкес мектепішілік ұшқыр ой алаңы дебат клубы мүшелерінің қатысуымен "Біз буллингке қарсымыз" тақырыбында дебат өткізілді. Қатысушы 8-9-10 сынып оқушылары буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін мәселелерін талқылады. Қазіргі мектеп ортасында  болып жатырған буллинг пен кибербуллингтің  алдын алу үшін өз ұсыныстары мен шешу жолдарын сөз етті. "Үкімет" пен "Оппозиция" фракциялары арасында жалынды, жігерлі қарсылықтар айтылды.
Мақсаты: буллинг жайлы мәлімет беру және буллингтің алдын алу. 
Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. 
Оқушылар өз кезегінде буллинг жайлы ақпараттар бере отырып буллингтің алдын алу жайында өз ойларымен бөлісті.