Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
» » Жетістігімді еліме арнаймын
20
декабрь
2024

Жетістігімді еліме арнаймын

Мектеп Парламенті  жоспары бойынша “Жетістігімді еліме арнаймын ” тақырыбында салауатты әдеттерді дамыту, балама қызығушылықтарды дамыту бағытында Титов  атындағы №20 мектеп-гимназиясында  11.12.2024ж. күні оқушыларға спортшыларды таныстыра отырып, спортқа құлшыныстарын арттыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында спорт шеберлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге келген қонақтарымыз: Халықаралық спорт шебері Баянова Карина, ҚР спорт шебері Захарченко Ксения, ММА әлем чемпионы Фазулзянова Карина, облыстық және қалалық волейболдан 1-орын иегері Сурков Кирилл шақырылды.Кездесу барысында спортшылар өздерінің жеткен жетістіктері туралы әңгімелеп, оқушыларымыздың қойған сұрақтарына жауап берді. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, спортты насихаттай отыра қазірден спортты патриотизм деп түсініп, спортшылар сияқты ел намысын аброймен қорғауды мақсат ету, балаларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу, гаджеттермен көп уақыт жұмсамай спортпен айналысуға үгіттеді.


 

Похожие публикации:

08 февраль 2024 Мен және заң
24 январь 2023 Мектеп семинары