Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
» » Назар аудартуды және есте сақтауды дамыту
30
ноябрь
2024

Назар аудартуды және есте сақтауды дамыту

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының  6-7 сынып ата-аналарына "Назар аудартуды және есте сақтауды дамыту» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағын өткізді.
Мақсаты: Ата-аналардың балаларының есте сақтау қабілетін белсенді 
қолдауға және ынталандыруға дайындығын арттыру.
Міндеттері: 
🔅Балаларды қолдау үшін есте сақтау қабілетін 
дамыту әдістерін қолдануға ата-аналардың мотивациясын қалыптастыру 
🔅Ата-аналарға үйде қолдануға болатын есте сақтауды дамытудың 
практикалық әдістерін үйрету
Сабақ барысында есте сақтау мен зейінді арттыру бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға үй жағдайында балаларымен ойнап зейін мен есте сақтауды дамытуға арналған ойын түрлерін орындап көрді. Сабаққа ата-аналар белсенді қатысып кері байланыс берілді.