17
январь
2024
Қыс қызығы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылындағы тәрбие жұмысының «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» жылдық жоспарына сәйкес «Қыс қызығы» сурет байқауы ұйымдастырылды. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту. ой белсенділігіне, ұйымшылдыққа, туған жерінің әсем табиғатын сүюге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 1-4 сынып оқушылары белсене қатысып, өз жұмыстарын жоғары деңгейде орындады.




