23
ноябрь
2023
Алтын күз
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында 6-7 сынып арасында «Алтын күз» байқауы ұйымдастырылды.
Сайыс төмендегідей шарттарымен өткізілді
1.Таныстыру «Сәлем сөздің анасы»
2. «Өнерлі өрге жүзер» (ән айту, би,) өз-өнері
3. Білгенге маржан (Сұрақ-жауап)
4.Үй тапсырмасы «Күз сыйы» (өз шығармашылықтары бойынша қол өнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау)
5.Сән әлемі
Атаулы іс-шара барысында оқушылар өздерін жан-жақты таныстырып, керемет өнерлерін ұсынды. Сайыс кезінде шығармашылық қабілеттерін шыңдай білді.
Қорытынды нәтиже бойынша өнерімен ерекшеленіп, білімімен жақсы бағаланып, көрермен көзайымы атанды.Атап айтар болсақ, «Бас жүлдені» Чугунова София 6 «А» сынып оқушысы, Петина Елизавета 6 «В», Маккамбаева Анель 6 «Г», Швец Ксения 7 «Д» сынып оқушылары жүлделі І-ІІ-ІІІ орындарын иемденсе, белсене қатысушыларға номициялар мен мадақтау грамоталарымен марапатталды.
Сайысқа қатысқан оқушыларды ізденімпаздыққа, қиял ұшқырлығы мен еңбек сүйгіштікке баулуға, өздерін сынап көрсетуге мүмкіндіктер беру мақсатында ұйымдастырылды.


