Школа-гимназия №20 имени Титова
Телефоны приемной:
+7 (7252) 56-27-66
+7 (7252) 40‒20‒54
Версия для
слабовидящих
26
октябрь
2022

Күз аруы

            Шымкент қаласының  білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20  мектеп-гимназиясында Мектеп комитетінің жоспары бойынша  20 қазан күні 3-4 сынып қыздары арасында "Күз аруы" атағына арналған мереке өтті. Мереке барысында барлық қыздар мен сынып жетекшілері қатысып, қатысушыларымен үлкен жұмыс атқарды. Байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені, қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады.  Күзгі  мерекелік іс-шара балаларға Жылдың ең әдемі мезгілі туралы сөйлесіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
           Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар номинация-грамоталармен марапатталды, ал" Күз аруы  3" Г " сынып оқушысы Крицкая Арина болды. Біздің сайыскер қазылар алқасын бағындырып, шығармашылық, театрлық және актерлік қана емес, ақыл-ой қабілеттерін де ашты!