09
март
2023
Отбасылық құндылықтар
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Әкелер" клубының мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізіліп, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтары насихатталды. Әкелер кездесу барысында оқушыларға денсаулыққа зиянды және темекі өнімдері жайлы толық түсіндірумен қоса ұрлық , зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында баяндама жасап өтті. Қатысушыларды үлкенге құрметпен сыйластық қарым-қатынаста болуға шақырды.
Мақсаты: Оқушының бойына патриоттық сезім ұялатып,кішіге ізет,үлкенге құрмет көрсету, болашақ жастарымызды тәрбиелеуге шақыру.


