02
май
2023
Жас қырандарды
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы №20 мектеп- гимназиянда 2023 жылдың 28 сәуір күні "Жас Ұлан"бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы жоспары бойынша 1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі күні қарсаңында ұйымның кіші буыны "Жас қырандарды" қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Мақсаты: оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. "Жас Ұлан","Жас қыран" ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау.




