01
май
2023
Мен буллингке қарсымын
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Титов атындағы 20 мектеп- гимназиясында “Мейірім- жүректен” атты айлық аясында оқушылар арасында “ Мен буллингке қарсымын” тақырыбында бейнеролик, фотосуреттер челленджі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылар арасында буллингтің алдын алу, суицидті болдырмау және балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау.
Оқушылар өз жұмыстарында
- зорлық-зомбылық адам баласына тікелей кері әсерін тигізетіні және оған бармауға бірін- бірі тәрбиелеу;
- айналасына құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ұжым болып бір-біріне көмек көрсету керектігін жеткізді.


