27
сентябрь
2024
Бала құқығы-басты құндылық
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Титов атындағы #20 мектеп-гимназиясында “Бала құқығы-басты құндылық” тақырыбында айлық ұйымдастырылды. Іс-шара жоспары бойынша бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында ата-аналармен жиналыс ұйымдастырылды. Мектеп психологы Курмакаева С.С. оқушылар арасында суицид пен буллингтің алдын алу, ұялы телефондағы ойындардың бала өміріне қауіпі бар ойындардан аулақ болуға, ата-ана тарапынан күнделікті бақылаудың болуы және “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу”, отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктің алдын алу туралы баянадама оқыды. Мектеп инспекторы Демина И.С. жасөспірімдерге жасалатын қылмыстың алдын алу және қылмыстың өсуіне жол бермеу, ата-ана тарапынан қатаң бақылаудың болуын атап өтті.


