03
февраль
2024
Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер
Шымкент қаласындағы білім басқармасына қарасты Титов атындағы #20 мектеп-гимназиясында 01.02.2024ж. күні Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Мақсат Абдурасул мектеп оқушыларымен жер сілкінісіне дейін үйде, қоғамдық жерлерде, жер сілкінісі болғанда алдын ала іс-әрекеттерін түсіндірді. Жер сілкінісі кезінде- жердің дүмпүінен қорықпай, сабырлық сақтап, ашық алаңға шығуға және үйдегі электр құралдары мен газды өшіріп қауіпсіз жерге шығу керектігі туралы айтты. Жиын соңында оқушыларға жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет туралы парақшалар тарқатылды.


